locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан мен Норвегия матчы: ойынға төрелік ететін төрешілер құрамы белгілі болды

Футбол 04 қыр 2024 14:49
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Қазақстан – Норвегия матчы: ойынға төрешілер тобы белгілі

Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасындағы матчқа кімдердің төрелік ететіні белгілі болды. УЕФА бұл ойынға Нидерландыдан келген төрешілер құрамын тағайындады:

  • Алларда Линдхаут (бас төреші)
  • Йоост ван Зуйлен (қаптал төреші)
  • Рогир Хониг (қаптал төреші)
  • Алекс Бос (төртінші төреші)
  • Роб Диперник (VAR жүйесіне жауапты төрешісі)
  • Эдвин ван де Грааф (VAR жүйесіне жауапты төрешінің көмекшісі)

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасындағы матч 6 қыркүйекте Алматы қаласында “Орталық”стадионда өтеді. Ойын жергілікті уақытпен 19:00-де басталады. Бұл Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасының бас бапкері ретіндегі дебюттік ойыны болады.