Қауіп пе? Стадион үстіндегі ұшатын нысанға байланысты «Арсенал» матчы тоқтатылды
«Арсеналдың» «Флитвудқа» қарсы Англия лигасы кубогындағы матчы стадион үстінде белгісіз ұшатын нысан байқалғандықтан тоқтатылды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Англия лигасы кубогының төртінші кезеңінде «Флитвуд» пен «Арсенал» арасында «Хайбери» стадионында өтіп жатқан матч стадион үстінен дрон байқалғаннан кейін уақытша тоқтатылды.
10 минутқа жуық созылған үзілістен кейін ойын қайта жалғасты.
Матч Флитвудтағы «Хайбери» стадионында өтіп жатыр. Бұл жерде Екінші лига командасы Англияның қазіргі чемпиондарын Карабао кубогының 1/16 финалында қабылдауда. Ойын Қазақстан уақытымен 01:00-де басталды.
«Флитвуд» бұл кезеңге Чемпионшип командасы «Шеффилд Юнайтедке» қарсы кубок матчындағы ірі сенсациядан кейін шықты: алдыңғы раундта олар 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Ал «Арсенал» «Ипсвичті» 4:2 есебімен жеңіп, төртінші кезеңдегі орнын қамтамасыз етті.