Ақтөбе Стас Покатиловтың трансферінен бас тартты
Футбол
Бүгін 00:17
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Фото: Тобыл ФК
Қостанайлық “Тобыл” командасының қақпашысы Стас Покатилов “Ақтөбе” сапына ауыспайды.
“Серый Cardinal” Telegram-арнасының мәліметінше, 32 жастағы қақпашы “Тобылмен” келісімшартты ұзартуы немесе басқа клубқа ауысуы мүмкін. Қазақстан Кубогының қазіргі иегері “Ақтөбе” Покатиловты өз сапына қосу жоспарын қарастырмайды. Клуб келесі маусымда негізгі қақпашы ретінде 2024 жылы бес матч өткізген 28 жастағы Игорь Трофимецке сенім артып отыр.
Покатилов “Тобыл” сапында 2024 жылдың қаңтарынан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда ол 33 матчқа қатысып, 15 ойында қақпасын құрғақ сақтады.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 07:46
Футбол
Бүгін 07:41
Теннис
Бүгін 07:24