Астананың Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі белгілі болды
Футбол
Бүгін 12:22
Нұрбақыт Қадырбаев
sports24 сарапшы
ФОТО: ФК Астана
2024/2025 маусымында еурокубоктардың жалпы кезеңдерінде Қазақстан атынан тек “Астана” ғана өнер көрсетіп жатыр. Елордалық клубтың 5 турдан кейін қоржынында тек қана 4 ұпай болғанымен, бірақ плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі әлі де бар.
Football Meets Data статистикалық порталы қатысушы командалардың келесі кезеңге өту мүмкіндігін бағалады. “Астананың” үздік 24-тің қатарына кіріп, 1/16 финалға шығу ықтималдығы 16%. Портал клубтың турнирде алға жылжу мүмкіндігін де бағалады: 1/8 финал – 6%, ¼ финал –2%, жартылай финал – 0,3%, финал – 0,1%.
Сондай-ақ, 16 команданың плей-офф кезеңіне шыққанын, ал қалған 8 орын үшін тағы 17 клуб таласатынын атап өтеміз. Соңғы турда “Астана”сырт алаңда кипрлік АПОЭЛ клубымен ойнайды.
Танымал жаңалықтар
Хоккей
Бүгін 11:50