locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Арсенал» АПЛ маусымын «Ковентриге» қарсы сенімді жеңіспен бастады

«Эмирейтс» стадионында өткен матчта алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетті
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: Getty Images
Англия Премьер-Лигасы
21.08.2026, Аяқт.
Арсенал
3
Ковентри Сити
0

Лондондық «Арсенал» Англия Премьер-лигасының (АПЛ) жаңа маусымындағы алғашқы кездесуінде өз алаңында «Ковентри Ситиді» айқын жеңді, Sports24.kz.

«Эмирейтс» стадионында өткен матч 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

15-минутта неміс шабуылшысы Кай Хаверц есеп ашты. Сегіз минуттан соң Букайо Сака «Арсеналдың» басымдығын екі есеге арттырды. 49-минутта лондондық команданың капитаны Мартин Эдегор кездесудің соңғы нүктесін қойды.

Осылайша, «Арсенал» үш ұпаймен чемпионатты бастап, уақытша турнир кестесінің көшін бастады.

«Ковентри Сити» 2026/27 маусымында ұзақ үзілістен кейін Премьер-лигаға оралды. Өткен маусымда команда Чемпионшиптің жеңімпазы атанып, Англия футболының жоғары дивизионына тікелей жолдама алды.

Өткен маусым қорытындысы бойынша лондондық «Арсенал» 85 ұпай жинап, Англия чемпионы атанды. «Ковентри Сити» 95 ұпаймен Чемпионшиптің өткен маусымындағы жеңімпазы атанды.

Келесі турда Микель Артетаның командасы 31 тамызда сырт алаңда «Астон Вилламен» кездеседі, ал Фрэнк Лэмпардтың шәкірттері 29 тамызда өз алаңында «Халл Ситиді» қабылдайды.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie