АПОЭЛ бапкері Маноло ХИМЕНЕС: "Ең қиын қарсылас - Астана"
Кипрлік АПОЭЛ бапкері матч алдындағы баспасөз мәслихатында “Астанаға” қарсы Конференция лиганың матчы туралы пікірін білдірді.
"Астана үшін бұл матч маңызды әрі соңғы, іріктеуден өту немесе топтан шықпау үшін шешуші. Бұл да біз үшін өте маңызды, өйткені біз келесі кезеңге тікелей өтуге ұмтыламыз. Біз бірте-бірте жылжып келеміз. Біз мүмкіндігінше жиналып, барымызды салуымыз керек.
Ең қиын матч – әлі ойналмаған матч. “Боракпен” болған матчтың әділетсіздігі есімізде. Біз бұл турнирге құмармыз, мұндағы командалардың барлығы қиын екенін білеміз, бірақ біз матчтан матчқа ауысып кете береміз.
Ең қиын қарсылас - “Астана”, өйткені біз олармен әлі ойнаған жоқпыз, олар бізге беймәлім. Мен “Фиорентинамен” екі ойындық текетіресте ойнағым келмейді, бірақ біз өз үйімізде қолдан келгеннің бәрін жасадық", - деді маман.
Естеріңізге сала кетейік, Конференция лигасының жалпы кезеңінің шешуші ойыны 20-шы желтоқсанда Никосияда (Кипр) өтеді. Бес турдан кейін турнир кестесінде АПОЭЛ 10 ұпаймен 10-шы орында, ал “Астана” 28-ші орында және 4 ұпаймен.
Футзал
Бүгін 14:18
Футбол
Бүгін 13:54
Футбол
Бүгін 11:40