locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

АПЛ «Манчестер Ситидің» ережебұзушылықтарын растады және жаза туралы ақпаратты жариялады

Ағылшын алпауыты қаржылық фэйр-плей ережелерін бұзғаны үшін ресми түрде кінәлі деп танылды
АПЛ «Манчестер Ситидің» ережебұзушылықтарын растады және жаза туралы ақпаратты жариялады
ФОТО: Getty Images

Англия Премьер-лигасы мәлімдеме жариялап, жуырда тараған тәуелсіз комиссия шешімі туралы ақпаратты растады. Комиссия «Манчестер Ситиді» қаржылық фэйр-плей ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп таныған, деп хабарлайды Sports24.kz.

Мәлімдемеде ережебұзушылық фактісінен бөлек, «қалалықтар» тергеуге кедергі келтіріп, «тергеуді тоқтату және оған бөгет жасау мақсатында жоспарланған әрекеттерге барғаны» айтылған. Алайда «Манчестер Ситидің» кінәсін мойындауымен 2023 жылдың ақпанында басталған тергеу аяқталған жоқ.

Келесі отырыстарда комиссия клубқа қандай жаза қолданылатынын шешеді. Әзірге оның қандай болатыны белгісіз, алайда бұған дейін инсайдерлер «Манчестер Ситидің» жүлделерінен айырылмайтынын, ал жазаның өзі алдағы маусымдарға бағытталатынын хабарлаған.

«Қалалықтардың» 2 қазанға дейін шешімге шағымдану құқығы бар екені атап өтілді. Клуб өз мәлімдемесінде бұл құқықты пайдалануға ниетті екенін жеткізді. Премьер-лига кеңесі бүкіл үдеріс, соның ішінде кез келген апелляциялар мен тиісті шешімдердің жариялануы мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқталады деп күтеді.

Еске салайық, Премьер-лига клубты 2009-2018 жылдар аралығында қаржылық ақпаратты, сондай-ақ ойыншылар мен жаттықтырушыларға төленген қаражат туралы деректерді толық әрі нақты ұсынбады деп айыптаған. Сонымен қатар «Сити» УЕФА-ның қаржылық фэйр-плей ережелерін және лиганың табыстылық пен қаржылық тұрақтылыққа қатысты (PSR) өз ережелерін бұзды деген айыпқа қалған. «Сити» бұл айыптауларды үнемі жоққа шығарып келеді.

2020 жылдың ақпанында УЕФА «Манчестер Ситиді» еурокубоктардан екі жылға шеттетіп, клубқа 30 миллион фунт айыппұл салған. Алайда ағылшын алыбы Лозаннадағы Спорттық арбитраж сотында шеттету жазасының күшін жойып, айыппұлды 30 миллионнан 9 миллион фунтқа дейін азайтуға қол жеткізді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie