locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Алматының түндері ай: Челси Астанаға қарсы өтетін аязды ойында жас ойыншыларына сенім артады

Алматының түндері ай: Челси Астанаға қарсы өтетін аязды ойында жас ойыншыларына сенім артады
Фото: Челси ФК

Алдағы уақытта Алматыда -17 градусқа дейін аязда өтетін “Астана” мен “Челси” арасындағы Конференция лигасының матчына лондондық клуб жастар құрамын шығаруды жоспарлап отыр.

“Қазіргі уақытта академиядан кімдер командамен бірге Алматыға аттанып, негізгі құрамда ойнайтыны белгісіз. Алайда жаңартылған тізімде 11 жас ойыншы бар: Харрисон Мюррей-Кэмпбелл, Кайден Уилсон, Тайрик Джордж, Киано Дайер, Харрисон МакМахон, Самуэль Рак-Саки, Ато Ампах, Макс Меррик, Джош Ачемпонг, Шумайра Мхеука және Ричард Олисе. Турнир басталғанда тізімде тек Ачемпонг, Дайер, Джордж, МакМахон және Меррик болған. Алайда жарыс ережесіне сәйкес, “B” тізіміне жас ойыншыларды шексіз қосуға рұқсат етілгендіктен, “Челси” бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланды. “Челси” өз тәрбиеленушілеріне сенім артып отыр. Олар Лондон маңындағы “Кобхэм” академиясында дайындықтан өткен, ал бұл академия Англиядағы ең үздік таланттарды даярлайтын орталықтардың бірі саналады. Сонымен қатар, жастар құрамының ойыншыларының бұл матчқа қатысуы U-21 командасының жоспарына әсер етпейді, себебі олардың келесі кездесуі тек дүйсенбіде өтеді”, – деп жазады британдық басылымдар.

Еске салайық, “Астана” мен “Челси” арасындағы матч Алматыдағы “Орталық” стадионында өтеді. Ойын күні ауа температурасы -17 градус болады деп күтілуде.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie