Ғалымжан Кенжебек ұлттық құраманың тізіміне енгені туралы
Биыл ұлттық құрама сапында бірнеше жас ойыншы алғашқы матчын өткізді. Оның арасында 21 жастағы Ғалымжан Кенжебек те бар. Дарынды ойыншы ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында кәсіби футболдағы мансабы, "Қайратта" ойнаған уақыты, Кипр чемпионы мен Испанияға қарсы жарық ойыны туралы айтып берді.
– "Қайраттың" академиясына алғаш келгенде қандай әсер алдың?
– Академияны алғаш көргенде, ол жақтағы ойыншыларға жасалған жағдайды көргенде өте таңғалдым. Әлі бала едім. Жалғыз келдім. Сондықтан болар басында үйренісу қиынға соқты. Сабақ та оқу керек болды. Бірақ футбол жағынан бәрі ұнайтын.
– Қазақстан ұлттық құрамасына алғаш шақырту алғаныңды қалай білдің?
– Шыны керек, өте көп күттім. Бұған дейін жастар құрамасында өзімді жақсы қырымнан көрсетіп жүрдім. Кипрде де гол соғып бастадым. Содан болу керек, ұлттық құрамаға шақыратындай сезім болды. Қазір бар ойым футбол болғандықтан үмітім болды. Нақты тізімге енгенім туралы құрама менеджерінен білдім. Ол хабарласып, Қазақстанға ұшып келу билетін сатып алу жайлы сұрады. Сол сәтте көзіме еріксіз жас үйірілді.
– Ұлттық құрамадағы алғашқы күндерің қалай өтті?
– Ұлттық құрамаға бара жатқанымда, Зайнутдинов, Исламхан, Тағыберген секілді футболшылар бар екенін ойладым. Олар мен үшін «жұлдыз». Тыныш қана жүремін деп ойлағанмын, бірақ команда мені жақын қабыл алды. Бұрыннан ойнап жүргендей болдым. Бірден сөйлесіп, қалжыңдасып дегендей. Осының арқасында командаға тез сіңісіп кеттім. Ешқандай қобалжу болмайды.