Айымбетовтың голының арқасында Адана Демирспор маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
16 желтоқсанда Түркия Суперлигасының 16-турында “Адана Демирспор” мен “Бешікташ” кездесіп, тартысты матч өткізді.
Алғашқы таймда “Адана Демирспор” басымдық танытып, Юсуф Бараси мен қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетовтың соққан голдарының арқасында жеңіске жетті. Айта кетейік, Айымбетов қатарынан екінші матчта гол соғып отыр.
Екінші таймда стамбұлдық команда Әл Мусрати арқасында есеп айырмасын бір голға қысқартты. Ал, 76-шы минутта “Бешікташтың” ойыншысы Сануч қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Қарсылас команданың бұл жағдайын пайдаланған “Адана Демирспор” ойынның соңына дейін және төреші қосқан 11 минут ішінде де, матчтағы есепті сақтап, 2:1 есебімен маңызды жеңіске жетті.
Абат Айымбетов ойыннан 82-минутта ауыстырылды. Ал “Бешікташтың” қазақстандық легионері Бақтиер Зайнутдинов үзілістен кейін алаңға шыққанымен, нәтижелі әрекет көрсеткен жоқ.
Түркия Суперлигасы. 16-тур
Адана Демирспор – Бешікташ – 2:1
Голдар: Бараси, 31, Аймбетов, 39 – Аль Мусрати, 72.
Қызыл қағаз: Сануч, 76 (“Бешікташ”).
Осы ойыннан кейін “Адана Демирспор” 5 ұпаймен Түркия Суперлигасында 19-орында. Ал, “Бешікташ” 25 ұпаймен 6-орында келеді.
Футбол
Бүгін 11:52
Теннис
Бүгін 11:41