locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ризабек Айтмұхан жастар арасындағы әлем чемпионатына аттанады

 Ризабек Айтмұхан жастар арасындағы әлем чемпионатына аттанады

Еркін күрестен Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан жастар арасындағы әлем чемпионатына аттанады.

20 жастағы Ризабек Айтмұхан 2-8 қыркүйек аралығында Испанияның Понтеверде қаласында өтетін 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізіміне енді.

2023 жылдың тамыз айында Ризабек 20 жастағылар арасындағы әлем чемпионатының финалына дейін жетсе, бір айдан кейін ересектер арасында әлем чемпионы атанды. Бірақ бұл 92 келі салмақ болса, қазір ол 97 келі де яғни олимпиадалық салмақта өнер көрсетеді.