Риддик Боу Фьюриге Усикпен реваншқа кеңес берді
Бокс
Бүгін 12:20
Нұрбақыт Қадырбаев
sports24 сарапшы
ФОТО: DAZN
Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Риддик Боу, оның пікірінше, Тайсон Фьюри жеңіске жету үшін Александр Усикпен реванш кездесуінде нені өзгеруі керек екенін айтты.
“Фьюри корпусқа жұмыс жасауы керек! Тайсон денеден ұрса бәрі басқаша болады. Джэб, джэб, жалтару және корпус. Бұл жағдайда жекпе-жек мүлдем басқаша болатынына бәс тігемін”, - деді америкалық.
Естеріңізге сала кетейік, 21 желтоқсан күні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында 2024 жылдың қорытынды кеші – Riyadh Season аясында үлкен бокс кеші өтеді. Кештің басты оқиғасы ауыр салмақтағы украиналық чемпион Александр Усик (22-0, 14 КО) пен бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюри (34-1-1, 24 КО) арасындағы реванш болады.
Танымал жаңалықтар
Бокс
Бүгін 22:17
Бокс
Бүгін 20:16
Бокс
Бүгін 19:54