locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рахмоновтың UFC жаңартылған рейтингіндегі орыны белгілі болды

Фото: Турар Казангапов

UFC жартылай салмақ келісіндегі файтерлердің жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл салмақта қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Рейтингтің көшбасшысы болып ямайка қаны бар ағылшын файтері Леон Эдвардс қала береді. Екінші орында американдық Камару Усман орналасқан.

Рахманов үшінші орында. Осылайша, Шавкат үздік үштіктегі орынын сақтап қалды. АҚШ өкілі Коби Ковингтон төртінші орыннан, бесіншіге түсіп қалды. Оның орынын австралиялық Джек Делла Маддалена басты.

Рейтингтің астыңғы орындарындада өзгерістер орын алды. Бразилиялық Висенте Луке 13-ші орыннан 14-шіге жылжыды. Оның орынына ағылшындық Майкл Пейдж тұрақтады. Ал АҚШ намысын қорғайтын Нил Мэгни бірден үш орынға түсіп қалды - 12-ші ден 15-ке.