Әлімханұлы басқа қарсыластарын жеңілмеген британдықтан артық көреді
Қазақ боксшысы, WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Жаңа Зеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) жеңгеннен кейін өзінің келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады.
"Мен үшін жалғыз үлкен жекпе-жек – чемпиондық жекпе-жек! Бізге чемпиондар керек! Төрт атақ қажет! Егер чемпиондар қорқып, қашып кетсе, онда олар чемпион емес! Егер олар ақша үшін бокспен айналысса, онда олар спортшылар емес, бизнесмендер!
Менің келесі жекпе-жегім Адамеспен немесе Ларамен болады деп үміттенемін! Менің командам қазір үлкен келіссөздер жүргізуде. Егер чемпиондар келіспесе, біз екі титулды да қайтадан қорғаймыз", – деп жазды боксшы әлеуметтік желіде.
Бұған дейін WBO Жәнібек атағына үміткерлерді жариялаған болатын. Ол жеңілмеген британдық Хамза Шираз болды (21-0, 17 КО). Алайда Әлімханұлы белбеулерді біріктіру үшін өзінің салмақ дәрежесінде басқа чемпиондармен күресуді жөн көреді.
ММА
Бүгін 14:44