locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Қазақстанды басты бәсекелес деп атады

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Қазақстанды басты бәсекелес деп атады
ФОТО: olympic.uz

Өзбекстанның ерлер құрамасының бас бапкері Толкын Кылышев алдағы Азия чемпионатында Қазақстанды басты бәсекелес деп атады.

“Азия құрлығында біздің әрдайым басты қарсыласымыз – Қазақстан. Одан кейін Тайланд бар – жергілікті команда. Үндістан бар, қазір Украина да қосылды. Міне, төрт негізгі қарсылас. Моңғолия да жақсы жігіттер. Қазір Қырғызстан, Тәжікстан секілді елдер де қарқын алып келеді. Бірақ басты бәсекелестік – Қазақстанмен”, – деді Қиличев Prosports.kz порталына берген сұхбатында.

2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы керемет нәтиже көрсетіп, алты алтын, жеті күміс және сегіз қола медаль жеңіп алды. Бұл нәтиже оларға медальдар есебінде бірінші орын алуға мүмкіндік берді. Өзбекстан құрамасы сол жолы алты алтын, үш күміс және төрт қола медальмен екінші орынға жайғасты. Айта кетерлігі, турнирдегі 13 финалдық жекпе-жектің бесеуі Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының арасында өтті.

Азия чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Таиландтың Чиангмай қаласында өтеді.

Махмұд Сабырхан: "Топ жарам деген ой болды, дегенмен кішкене күш жетпегенін жасырмаймын".

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie