Қазақстанның бокстан әлем чемпионы қыз зорлады деген күдікке ілінді
Танымал боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды КазТАг.
"Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғалды", - делінген полиция хабарламасында.
Алғашқыда әлеуметтік желіде 19 тамыз күні 28 жастағы қыз зорланғандығы жөнінде полицияға арыз түсіргендігі жөнінде ақпарат пайда болды. Алматы полиция департаментінің баспасөз мәслихаты тағылған айып бойынша іс қозғалғанын және сараптама жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді. Бірақ еш жерде айып неге Тұраровқа тағылғандығы жөнінде мәлімет жоқ.
Боксшы өзіне тағылған айыпқа жауап берді:
"Маған таңертеңнен бері миллион хабарлама келді. Өзім де түсінбей жатырмын. Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Қазір мәселінің мән-жайын, кім және қандай жала тағып отырғанын анықтаймын! Бұл жалған! Жала! Шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқандары үшін БАҚ-ты да сотқа беруді көздеп отырмын", – деп жазды дейді Sports.kz.
Жанқош Тұраров – кәсіпқой боксшы. IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Ол 28 жекпе-жек өткізіп бірде-бір рет жеңілмеген (20 жеңісі нокаутпен аяқталды).
ММА
Бүгін 14:44