locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстан бір спорт түрінен 8 алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан бір спорт түрінен 8 алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан бір спорт түрінен 8 алтын медаль жеңіп алды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен қазақстандық балуандар барлық 8 салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен жарыс өтуде. Қазақстандық балуандар осы спорт түрінен чемпион атанды:

48 келі салмақта Айжан Жылқыбаева;

Назерке Азаматова – 52 келі;

Бекжан Төлепов – 55 келі;

Рауза Нұрмахамметова – 56 келі;

Бақыт Құсақбаев – 60 келі;

Мейіржан Берекетов – 60 келі;

Дидар Тұқышев – 66 келі;

Жұмажан Қожамбеков – 74 келі.

Қазақ күресі – қазақ халқының көне спорт түрлерінің бірі, қазіргі Қазақстанда кеңінен таралған қазақтың ұлттық күресі. 1938 жылдан бастап күрестің бұл түрі республикалық жарыстар бағдарламасына енгізілді.

Астанада өтіп жатқан дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 41 елден 274 балуан қатысып жатыр.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie