locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Аты аңызға айналған бапкер Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетілді

Аты аңызға айналған бапкер Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетілді

Қазақстан бокс федерациясы ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде көптеген жарыстарда жүлде салған Мырзағали Айтжановқа сый-құрмет көрсетті

«Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз»,

- деді іс-шарада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп. Қазақтың дәстүрі бойынша, Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жауылып, бағалы сыйлықтар табысталды.