locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Абылайхан Жүсіпов Грузиядағы халықаралық турнирде үздік боксшы атанды

Абылайхан Жүсіпов Грузиядағы халықаралық турнирде үздік боксшы атанды

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Грузияда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті.

Әлем және Еуропа чемпионы Георгий Канделакидің жүлдесіне өткен жарыста Қазақстан командасы 3 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды.

Ал команда мүшесі Абылайхан Жүсіпов турнирдің үздік боксшысы атанды.

Айта кетелік, Абылайхан Жүсіпов жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері.