locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Астана БК бапкері Плотников Самараға қарсы ойындағы жеңілісті түсіндірді

Баскетбол 29 қара 2024 01:57
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Астана БК бапкері Плотников Самараға қарсы ойындағы жеңілісті түсіндірді
ФОТО: АСТАНА БК

Баскетболдан “Астана” клубының бас бапкері Глеб Плотников ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионатындағы “Самараға” қарсы матчтың (59:81) нәтижесін түсіндіріп өтті.

“Өз аймағымыздағы допқа таласта жеңілдік – бұл үшін бізді жазалады. Қарсыласқа 8 рет допты қайтарып беріп, матчты жеңу мүмкін емес. Үш ұпайлық соққылардан 21% ғана дәлдік көрсеттік – мұндай пайызбен жеңіс күту қиын. Дегенмен, әрі қарай қателікпен жұмыс істейміз, жақсарамыз. Ойынның үшінші кезеңіндегідей ойнап, қиын сәттерде жігерімізді жоғалтпауымыз қажет”, – деді Плотников Бірыңғай лиганың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, “Астана” бұл маусымда қатарынан 16-шы жеңілісін тіркеп, турнир кестесінің соңғы орнында қалып отыр.

Келесі ойынды қазақстандық клуб 4 желтоқсан күні өз алаңында өткізеді. Қарсыласы – Қазанның УНИКС клубы. Матч Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie