locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жиенбаева жасөспірімдер арасында өтіп жатқан US Open турнирінен ұшып кетті

Жиенбаева жасөспірімдер арасында өтіп жатқан US Open турнирінен ұшып кетті

4 қыркүйек күні қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Америка ашық чемпионатының 1/8 финалында өнер көрсетті.

Соня америкалық Ива Якшичке қарсы тұра алмай, екі сетте де жеңіліске ұшырады.

Жасөспірімдер арасындағы US Open турнирі 2024, 1/8 финал, 4 қыркүйек

Ива Якшич (АҚШ) [389] – Соня Жиенбаева (Қазақстан) [779] – 6:1, 6:2

Матч бар болғаны бір сағатқа жуық, нақтырақ айтқанда, 57 минутқа созылды. Бұл кездесу спортшылардың арасындағы алғашқы жеке кездесу болып тіркелді.

Нәтижесінде, америкалық Ива өз жолын 1/4 финалда жалғастырады. АҚШ теннисшісі келесі кезеңде Валерия Глозманға қарсы ойнайды.