locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жиенбаева US Open-2024 жасөспірімдер арасында үшінші кезеңге өтті

Twitter. Соня Жиенбаева

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Америкадағы маңызды турнир саналатын US Open-2024 жасөспірімдер арасында үшінші кезеңге жолдама алды

Екінші айналымда 18 жастағы Жиенбаева екі сет қорытындысы бойынша Аланис Хэмилтонды жеңді. Бір жарым сағатта өткен кездесуде қазақстандық теннисші қарсыласқа бірінші сетте үш гейм берді, ал екінші сет тай-брейкке дейін жалғасты.

Үшінші айналымда Соня Жиенбаева тағы да америкалық теннисші, рейтингте үшінші тұрған Ива Йовичпен кездеседі. Кездесу бүгін, 4 қыркүйекте Луи Армстонг Стэдиумда, Астана уақытымен сағат 20:00-де өтеді.

US Open-2024, жасөспірімдер, әйелдер, екінші кезең

Аланис Хэмилтон (АҚШ) – Соня Жиенбаева (Қазақстан, 14) – 3:6, 6:7 (3:7).