Жібек Құламбаева Түркияда өтіп жатқан турнирдегі өнерін аяқтады
Теннис
02 сәу 2025 11:58

Аружан Темірбек
Редактор

ФОТО: KTF
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің алғашқы айналымынан әрі аса алмады.
Негізгі тордың бірінші кезеңінде ол германиялық тәжірибелі ойыншы Мона Бартельге есе жіберді. Кездесу 1 сағат 11 минутқа созылды.
Челленджер. Анталья (Түркия). Хард. 1/16 финал
Мона Бартель (Германия) — Жібек Құламбаева (Қазақстан) — 6:4, 6:1
Айта кетейік, Жібек бұл жарыстың негізгі кезеңіне іріктеу арқылы өткен болатын. Соңғы іріктеу матчында ол қытайлық Вушуан Чжэнді сенімді түрде жеңіп, негізгі сеткаға жолдама алған еді.
Танымал жаңалықтар

Футзал
Бүгін 07:30

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек