Жібек Құламбаева Португалиядағы ITF турниріндегі жарысын аяқтады


Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Португалияның Оэйраш қаласында өтіп жатқан ITF W100 санатындағы турнирде алғашқы айналымнан әрі аса алмады. Жекелей сында 1/16 финал кезеңінде ол чехиялық Джесика Малечковаға қарсы ойнап, 6:7 (3:7), 5:7 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу 2 сағат 12 минутқа созылды.
ITF W100 Оэйраш. 1/16 финал. Жекелей сын
Джесика Малечкова (Чехия) — Жібек Құлымбаева (Қазақстан) — 7:6 (7:3), 7:5
Құламбаева үшін жұптық сында да сәттілік серік болмады. Чехиялық Анета Кучмова екеуі бразилиялық Ингрид Мартинс пен сербиялық Нина Стояновичтен ұтылып қалды.
ITF W100 Оэйраш. 1/16 финал. Жұптық сын
Ингрид Мартинс (Бразилия) / Нина Стоянович (Сербия) — Анета Кучмова (Чехия) / Жібек Құламбаева (Қазақстан) — 6:3, 6:4
Дегенмен, Жібек Құламбаева жоғары деңгейдегі нәтижелерін жалғастырып келеді. Бар-жоғы бірнеше күн бұрын, 20 сәуірде ол италиялық Николь Фосса Уэргомен бірге Мадридте өткен ITF W100 турнирінде жұптық сында чемпион атанған болатын. Финалда олар хорват-румын дуэті Тена Лукаш / Андрея Присакариуды жеңіп, титулды қанжығасына байлады.

Футбол
Бүгін 01:42

Теннис
Кеше 23:15