Жібек Құламбаева Мумбайдағы турнирдің жұптық сайысында өнерін аяқтады
Теннис
Бүгін 06:30
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева және оның үндістандық серіктесі Шривалли Рашмика Бхамидипати ITF W50 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіліс тапты. Олар үндістандық Рия Бхатия мен Зил Десаи жұбына 3:6, 6:3, 5:10 есебімен есе жіберді.
Матч 1 сағат 26 минутқа созылды.
Финалда Бхатия мен Десаи жапониялық Канако Морисаки мен Наһо Сато жұбымен кездеседі.
24 жастағы Жібек Құламбаева WTA-ның жұптық рейтингінде 150-орында тұр, ал 23 жастағы Шривалли Бхамидипати 309-орында орналасқан.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 15:45
Бокс
Бүгін 14:34