locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жібек Құламбаева Аргентинада ITF екінші айналымына шықт

Жібек Құламбаева Аргентинада ITF екінші айналымына шықт

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Аргентинаның Сан-Мигель-де-Тукуман қаласында өтіп жатқан ITF сериясының турнирін жеңіспен бастады. 1/16 финалдық матчта ол грекиялық спортшы Элени Кристофиді екі сетте 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 33 минутқа созылды.

Келесі матч Жібек үшін 20 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де өтеді, онда ол WTA әлемдік рейтингінде 166-шы орында тұрған аргентиналық теннисші Солана Сьеррамен кездеседі.