Жас талант Жәния Бекмұхамбетова Словакияда өткен халықаралық турнирде алтын жеңіп алды
Теннис
01 қара 2024 14:08
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: olympic.kz
Словакияның Сенец қаласында үстел теннисінен “WTT Youth Contender” халықаралық турнирі өтуде.
Қазақстандық спортшы Жания Бекмұхамбетова 11 жасқа дейінгі қыздар арасында чемпион атанды. Жания алтын медальге жету жолында Александра Бецті (Украина), Юлия Вчелкованы (Словакия), Селестина Капатиді (Сингапур), София Трускованы (Словакия), Эмили Вуды (Швейцария) және Аялгуу Эрденехуякты (Моңғолия) жеңді.
Бекмұхамбетова бірнеше күн бұрын ғана Мысырдың Исмаилия қаласында өткен WTT турнирінде 13 жасқа дейінгі жасөспірімдер санатында чемпион атанды.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52