Жанат Үмітқұлова арбадағы теннистен беделді турнирдің финалисті атанды
Грекияның Месин қаласында ITF Wheelchair Tennis Tour сериясындағы теннис турнирі аяқталды.
Жасұлан Алниязываның шәкірті, Ақтөбелік Жанат Үмітқұлова алғаш рет мансабында жұптық сайыста турнир финалисті атанды. Қазақстандық спортшы латвиялық Диана Никифоровамен (әлемнің 66-ракеткасы) бірге шешуші ойында болгариялық Зоя Чавдарова мен румыниялық Кристина Деак жұбына 2:6, 3:6 есебімен есе жіберді.
Биыл наурыз айында Паттайя (Таиланд) қаласында теннистен арбамен ойнайтын спортшылар арасындағы командалық Әлем чемпионатының Азия аймағындағы іріктеу кезеңі өтті — BNP Paribas World Team Cup. Бұл іріктеуге алғаш рет Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары қатысты. 2022 жылдан бастап Қазақстан теннис федерациясы елімізде арбамен теннис пен бейімделген теннисті дамытуға және танымал етуге бағыт алған. Қысқа уақыт ішінде ұлттық құрама құрылып, енді ол Қазақстанның атынан халықаралық жарыстарда өнер көрсетуде.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20