locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жұқаев Қытайдағы Челленджердің ширек финалына жолдама алды

Twitter. Бейбит Жукаев

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан Челленджер 100 турнирінің ширек финалына шықты

Екінші айналымда Жұқаев үш сет қорытындысы бойынша чилилік Томас Барриосты жеңді. Бірінші сетте қазақстандық тай-брейкте жеңіске жетсе, екінші сетте тай-брейк арқылы Барриос жеңді. Үшінші сетте Жұқаев тай-брейкке жеткізбей 7:5 есебімен жеңді.

Ширек финалда Жұқаев британдық Райан Пеннистон мен Гонконг теннисшісі Коулмэн Вонг арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.

ATP Челленджер 100, Шанхай, Қытай, екінші айналым

Томас Барриос (Чили, 7) – Бейбіт Жұқаев (Қазақстан) – 6:7 (4:7), 7:6 (7:2), 5:7.