Жұқаев қарсыласының матчтан бас тартуына байланысты АТР-250 турнирінің ширек финалына шықты
Теннис
17 қаз 2024 03:06
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Жұқаев қарсыласының матчтан бас тартуына байланысты АТР-250 турнирінің ширек финалына шықты
Алматыда АТР 250 санатындағы Almaty Open турнирі жалғасуда. Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев екінші айналымда Чехияның мықты спортшысы Томаш Махачқа (АТР рейтингінде 25-орында) қарсы матч өткізді.
Матч небәрі 17 минутқа созылды. Жұқаев 3:1 есебімен алда келе жатқанда, турнирдің басты фавориттерінің бірі саналатын Махач өзін нашар сезінуіне байланысты ойыннан бас тартуға мәжбүр болды. Осылайша, Жұқаев өз үйінде өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шығып, енді Отто Виртанен (Финляндия, АТР 116) мен Карен Хачанов (Ресей, АТР 26) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Бұған дейін Елена Рыбакина Эр-Риядтағы ірі турнирде әлеуетті қарсыластарын анықтаған болатын.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20