Жаңартылған WTA рейтингі: Рыбакина орнын сақтады, Данилина бір сатыға жоғарылады
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Токиода өткен турнирден кейін жаңартылған жеке және жұптық рейтингтерді жариялады.
Әлемнің бірінші ракеткасы атағын Беларусь елінің өкілі Арина Соболенко сақтап қалды. Екінші орында – польшалық Ига Швёнтек, ал үшінші орында – америкалық Кори Гауфф. Қазақстанның үздік өкілі Елена Рыбакина бесінші орнын сақтап қалды. Тамыз айынан бері кортқа шықпаған Рыбакина үшін келесі турнир Сауд Арабиясындағы WTA Финалдық турнирі болады деп күтілуде.
Жұптық санатта қазақстандық Анна Данилина бір саты жоғарылап, 22-орынға жайғасты. Юлия Путинцева бір орынға төмендеп, 111-орынға түсті. Жібек Құламбаева екі сатыға төмендеп, 141-орынға орналасты. Үздік үштікті чехиялық Катержина Синякова, Жаңа Зеландия өкілі Эрин Рутлифф және украиналық Людмила Киченок бастап тұр.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52