Жаңартылған WTA рейтингі: Рыбакина – 7-орында, Путинцева қайтадан ТОП-20 ішінде


Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жариялады.
Көшбасшылықты Арина Соболенко сақтап қалды, екінші орында – Ига Швёнтек, ал үшінші – Кори Гауфф.
Елена Рыбакина Абу-Дабидегі титулын қорғай алмады. Жартылай финалда Белинда Бенчичтен жеңіліп, нәтижесінде екі саты төмендеп, 7-орынға тұрақтады. Ал Бенчич турнир чемпионы атанып, 500 ұпай жинап, 92-орыннан 65-ке көтерілді.
Юлия Путинцева бір сатыға жоғарылап, қайтадан ТОП-20 қатарына енді.
Жұптық сында көшбасшылар: Катерина Синякова, Эрин Рутлифф және Тейлор Таунсенд. Қазақстандық теннисші Анна Данилина 19-орында, Путинцева – 107-ші, ал Жібек Құламбаева – 160-орында.
АТР рейтингті жаңартты: Қазақстандықтардың тізімдегі орындары

Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:45


Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:30