locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жаңа рекорд! US Open-де турнир тарихындағы ең ұзақ ойын өтті

Жаңа рекорд! US Open-де турнир тарихындағы ең ұзақ ойын өтті

Америка ашық чемпионатының бірінші кезеңінде жаңа рекорд орын алды. Теннисшілер арасындағы кездесу турнир тарихындағы ең ұзақ ойын болып тіркелді.

Британиялық Дэниель Эванс Ресей өкілі Карен Хачвновты жеңді. Спортшылар кортта 5 сағат 35 минут өткізіп, өз есімдерін US Open рекорд кітабына жазды. Осыдан алдыңғы рекорд кездесу 5 сағат 26 минутқа созылған.

US Open, 1/64 кезең, 27 тамыз

Дэниель Эванс (Ұлыбритания) [184] - Карен Хачанов (Ресей) [22] - 6:7 (6:8), 7:6 (7:2), 7:6 (7:4), 4:6, 6:4

Келесі кезеңде Дэниель Аргентиналық Мариано Навонеге қарсы кездесу өткізеді.