locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Путинцеваның келесі қарсыласы кім?

 ФОТО:  Getty images

Қытайда өтіп жатқан турнирдің бірінші турының матчында Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева қытайлық Шуай Чжанды жеңді. 1 сағат 12 минутқа созылған кездесу қазақстандық теннисшінің пайдасына 6:4, 6:4 есебімен аяқталды.

Бұл матч қатарынан үш рет жеңіліс тапқан, Путинцева үшін маңызды қадам болды. Енді ол өз өнерін Ухань қаласында өтетін турнирде жалғастырады.

Бұған дейін екі теннисші 6 рет кездесіп, кездесу статистикасы Юлияның пайдасына – 4:2.

Путинцева енді 1/16 финалда, әлемнің 18-ші ракеткасы және 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Донной Векичпен кездеседі. Хорватиялық теннисші, Бельгиялық Элиза Мартенсті турнирда ұтқан болатын.