Юлия Путинцева Пармада сәтті бастады: Сибахараны жеңіп, келесі кезеңге өтті


Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Италияның Парма қаласында өтіп жатқан «челленджер» санатындағы турнирдегі алғашқы ойынын сәтті бастады.
30 жастағы спортшы жарыстың алғашқы айналымында жапониялық Эна Сибахараны 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды.
Италия. Parma Challenger. Әйелдер, Грунт – 1/16 финал
Путинцева – Сибахара – 6:3, 6:4
Әлемдік WTA рейтингінде 29-орында тұрған Путинцева бұл турнирге бірінші нөмірмен тіркелген болатын. Ал оның қарсыласы, 27 жастағы Сибахара, рейтингте 139-сатыда тұр.
Келесі айналымда қазақстандық теннисші германиялық Анна-Лена Фридзам мен колумбиялық Эмилиана Аранго арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, бұл турнирдің былтырғы чемпионы – словакиялық теннисші Анна Каролина Шмидлова.

Футбол
Бүгін 17:58


Футбол
Бүгін 17:16