locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Юлия Путинцева: Бізде тамаша команда бар және мен көп нәрсеге қол жеткізе аламыз деп ойлаймын

Теннис 08 сәу 2025 07:46
Азат Максутбек
Азат Максутбек
Юлия Путинцева: Бізде тамаша команда бар және мен көп нәрсеге қол жеткізе аламыз деп ойлаймын
ФОТО: ҚТФ

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатының – Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчтарына қызу дайындық үстінде. Қазақстандық теннисшілер жігерленіп, өз қабілеттеріне сенімді және беделді турнирдің финалдық кезеңіне шығуды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚТФ.

Команда жетекшілерінің бірі Юлия Путинцева ұлттық құрамада ойнау әрқашан ерекше толқу мен мақтаныш әкелетінін атап өтті:

«Ұлттық құрамада ойнау әрқашан жақсы. Мен 100% тырысамын. Мұның сыры осында шығар. Командадағы атмосфера әрқашан шабыттандырады. Бүкіл елдің қолдауын сезініп, жақын жерде сізге сенетін серіктестер болса, бұл сізге қосымша мотивация мен күш береді. Біз әр қарсыласқа шындап дайындаламыз. Бізде тамаша команда бар және мен көп нәрсеге қол жеткізе аламыз деп сенемін» - деп бөлісті Юлия.

Іріктеу ойындары Австралияда өтеді. Бірінші айналымда Қазақстан құрамасы корт қожайындары Австралия құрамасымен кездеседі. Екінші кездесу Колумбия құрамасына қарсы өтеді. Екі ойын да тиісінше 10 және 11 сәуірде Астана уақытымен 7:00-де басталады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie