Юлия ПУТИНЦЕВА: "Қазақстанға келгеніме ешқашан өкінбеймін"
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қазақстанға көшуінің себебін түсіндірді.
“Мен Ресейде жасөспірімдер арасында көшбасшы болдым, бірақ тегін жаттығуға мүмкіндік болған жоқ. Әкем барлық шығынды өзі көтерді: корттарды жалға алу, жаттықтырушылардың қызметі, доптар. Қазақстанға алғаш келгенімде, бірден жаңа доптардың қорабын берді. Әкем қатты таңғалды: ‘Қорап толы жаңа доптар!’ - деді. Мұндай қолдауды ешқашан көрген емеспіз,” - деп еске алды спортшы.
Оның айтуынша, Қазақстанда оған сапалы жаттығу базалары, кәсіби жаттықтырушылар және қажет жабдықтармен көмек көрсетілді.
“Қазақстанда маған барлық жағдай жасалды. Бұл қолдаудың арқасында мен өзімнің шынайы мүмкіндіктерімді көрсете алдым. Егер Ресейде жағдай жасалғанда, бәлкім, мен көшпес те едім. Бірақ Қазақстанға келгеніме ешқашан өкінбеймін,” - деді Путинцева.
Юлияның айтуынша, Қазақстан атынан ойнаған алғашқы жылдары жан-жақты қолдау көрсетілген.
“Федерация әрдайым ойыншыларға көмектесуге тырысады. Мысалы, тізем ауырғанда маған физиотерапия ұйымдастырды. Жарысқа дайындық кезінде де үлкен қолдау болды. Федерация әр жеңісімді құттықтап, үнемі ынталандырып отырды. Менің жетістіктерімнің барлығы Қазақстанның қолдауының арқасында мүмкін болды. Олар менің толыққанды жаттығуыма және дайындалуыма жағдай жасады,” - деді Путинцева “Лучший теннисный подкаст” YouTube арнасына берген сұқбатында.
Қазіргі уақытта Юлия Путинцева WTA рейтингінде 29-орында тұр. Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина рейтингтің 6-сатысында орналасқан.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 01:17
Басқа спорт түрлері
Бүгін 01:02
Басқа спорт түрлері
Бүгін 00:41