Янник Синнер Джокович пен Федерерге ғана бағынған жетістікке қол жеткізді
Әлемдік рейтинг көшбасшысы, теннисші Янник Синнер екі маусым қатарынан хард кортта жеңістер саны бойынша швейцариялық Роджер Федерер мен серб Новак Джоковичтің жетістігін қайталады, деп хабарлайды статистикалық портал OptaAce.
Ақпарат көзінің мәліметінше, Синнер Ашық дәуірде ATP турнирлерінде хард кортта екі маусым қатарынан 47 немесе одан да көп жеңіске жеткен үшінші теннисші болды. Бұған дейін бұл жетістікке 2006 жылы Федерер және 2016 жылы Джокович қол жеткізген еді.
Еске сала кетейік, ATP-ның қорытынды чемпионатының екінші матчында Синнер әлемнің бесінші ракеткасы, америкалық Тейлор Фрицті 6:4, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді. Топтық кезеңнің соңғы матчында Синнер ресейлік Даниил Медведевпен кездеседі.
Футбол
Бүгін 05:00
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49