Янник Синнер – ATP рейтингінде бірінші орында, Бублик Туриндегі жеңістен кейін ТОП-60 қатарына енді


Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жариялады.
Римдегі турнирдің финалында жеңіліс тапқанына қарамастан, италиялық Янник Синнер әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр. Бұл турнирде жеңімпаз атанған испан теннисшісі Карлос Алькарас өз позициясын жақсартып, екінші орынға көтерілді. Ал осыған дейінгі екінші нөмірде тұрған неміс Александр Зверев енді үшінші сатыға түсті.
Қазақстандық жанкүйерлер үшін басты жаңалық – Александр Бубликтің рейтингтегі күрт жоғарылауы болды. Туринде өткен «челленджер» санатындағы жарыста жеңіске жеткен ол бірден 25 орынға көтеріліп, ATP тізімінде 51-орынға жайғасты.
Александр Шевченко 97-орнын сақтап қалды. Михаил Кукушкин екі сатыға жоғарылап, 163-орынды иеленді. Одан кейін бір орын төменде – 164-орында Дмитрий Попко орналасқан. Ал Тимофей Скатов он сатыға төмен түсіп, 191-орынға жайғасты.


Футбол
Бүгін 11:14