WTA Қорытынды : турнир бастамасындағы рейтингтегі өзгерістер
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшылардың жеке және жұптық разрядтардағы рейтингтерін жаңартты.
Алғашқы үштік өзгеріссіз қалды: бірінші орында Беларусь өкілі Арина Соболенко, екінші орында польшалық Ига Швёнтек, ал үшінші орында америкалық Кори Гауфф.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бесінші орынды сақтап қалды, ал Юлия Путинцева бір саты төмендеп, 29-орынға түсті.
Еске сала кетейік, Рыбакина өткен аптада WTA қорытынды турнирін бастап, әлемнің төртінші ракеткасы саналатын италиялық Жасмин Паолиниге есе жіберген болатын.
Қазақстандық теннисшілер WTA рейтингінде
Жұптық сында бірінші орынды Чехия өкілі Катержина Синякова иеленіп отыр, оның артынан Жаңа Зеландиядан Эрин Рутлифф және Украинадан Людмила Кичёнок орналасқан.
Қазақстандық Анна Данилина 22-орынды сақтап қалды, Путинцева 111-орында қалды, ал Жібек Құламбаева тоғыз сатыға төмендеп, 150-орынға жайғасты.
Қазақстандық теннисшілер WTA жұптық рейтингінде
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52