WTA Елена Рыбакинаға қолдау көрсетті
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Қытайдың Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінен бас тартуға мәжбүр болған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны қолдады.
WTA өзінің Twitter парақшасында Рыбакинаны қолдайтын пост жариялады, олар “тезірек сауығып кетуді тілейміз, Елена Рыбакина” деп жазды.
Естеріңізге сала кетейік, Елена Рыбакина соңғы рет кортқа US Open 2024 бірінші айналымында австралиялық Дестини Айваны жеңген кезде шыққан еді. Екінші айналым алдында қазақстандық теннисші осы маусымда тағы бір рет турнирден шет қалған болатын. Көптеген бас тартудар үшін жанкүйерлер Рыбакинаны “турнирлерден бас тарту ханшайымы” деп атап кетті.
Wish you a speedy recovery, Elena Rybakina 💜 pic.twitter.com/C0DxUDVPC0
— wta (@WTA) September 22, 2024
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52