locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

WTA чемпиондық жарысының жаңартылған рейтингі: Соболенко көш бастап тұр, Паолини үздік ондыққа енді, Рыбакина орын жоғалтты

Теннис 18 мам 2025 23:49
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
WTA чемпиондық жарысының жаңартылған рейтингі: Соболенко көш бастап тұр, Паолини үздік ондыққа енді, Рыбакина орын жоғалтты
ФОТО: Getty Images

Женсін теннис қауымдастығы (WTA) маусымның чемпиондық жарысы бойынша жаңартылған рейтингті жариялады.

Бірінші орынды әлі де Беларусь өкілі Арина Соболенко иеленіп тұр - оның еншісінде 5120 ұпай бар.

Америкалық Мэдисон Киз 3349 ұпаймен екінші орында. Үздік үштікті 3055 ұпай жинаған ресейлік Мирра Андреева түйіндейді.

Аптаның басты серпілісі - Италия теннисшісі Жасмин Паолини. Римдегі турнирде жеңіске жеткеннен кейін ол бірден тоғыз сатыға көтеріліп, 2230 ұпаймен жетінші орынға жайғасты.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина екі позицияға төмендеп, 1450 ұпаймен чемпиондық жарыста 13-орынға түсті. Ал тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева үш саты төмен сырғып, 561 ұпаймен 41-орынға тұрақтады.

Маусым барысы қыза түсуде - алдағы турнирлер чемпиондыққа таласты одан әрі шиеленістіре түспек.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie