WTA 500 турнирінде жұптық сында өнер көрсетіп жатқан Данилина ширек финалға шықты
20 тамыз күні таңда Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің алғашқы ойындары өтті.
Қазақстандық Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Франция мен Мексика өкілдері Аманда Эсс пен Виктория Родригесті екі сетте жеңді. Келесі кезеңде қазақстандық-ресейлік жұп Эрика Андреева/Мария Карле – Оксана Калашникова/Катажина Питер жұптарының жеңімпазымен кездеседі. Кездесу 21 тамыз күні кездесуі мүмкін.
Монтеррей, 1/8 финал, 20 тамыз
Анна Данилина / Мария Хромачева – Аманда Эсс / Виктория Родригес – 6:2, 6:2
Кездесу бір сағатқа жетпей аяқталды, нақтырақ 56 минутта. Бұрындары теннисшілер жұптық сында кездеспеген.
Айта кетейік, Анна WTA турнирлерінің жұптық сынында 6 мәрте жеңіске жеткен.
Еске сала кетейік, Данилина WTA 500 Монтеррей турнирінде жекелей сын бойынша да бақ сынайды. Іріктеу кезеңінің финалында ол израильдік қарсыласын жеңген болатын.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20