WTA 1000 Ухань. Соболенко Путинцеваны жеңгеннен кейін Қытайдағы турнирдің финалына шықты
12 қазанда Қытайдың Ухань қаласында өткен WTA 1000 турнирінің жартылай финалдық кездесуінде WTA рейтингінің №2 ойыншысы Арина Соболенко мен WTA №4 америкалық Кори Гауфф кездесті. Матч үш сетте өтіп, беларустық теннисші 1:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесу екі сағат 29 минутқа созылды.
WTA 1000 Ухань. Жартылай финал. 12 қазан
Жекелей сын
Төсеніш: хард
Арина Соболенко (Беларусь) – Кори Гауфф (АҚШ)
Есеп: 2:1 (1:6, 6:4, 6:4)
Еске сала кетейік, 1/8 финалда Соболенко Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцеваны (WTA №35) жеңген болатын. Сол кездесуде беларустық теннисші бірінші сетте 1:6 есебімен ұтылғанымен, кейінгі екі сетті 6:4, 6:0 есебімен жеңіп шықты.
Турнирдің финалында Соболенко Қытайдың өкілі Чжэнь Цин Вэньмен (WTA №7) кездеседі. Матч 13 қазан күні, Астана уақытымен 14:00-де басталады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52