locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Усман Дембеле «Ролан Гаррос»-2025 турнирінің негізгі кезеңінің жеребесін тартады

Теннис 21 мам 2025 15:12
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Усман Дембеле «Ролан Гаррос»-2025 турнирінің негізгі кезеңінің жеребесін тартады
ФОТО: Getty images

Франция құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының ойыншысы Усман Дембеле биылғы «Ролан Гаррос» турнирінің негізгі жеребе тарту рәсіміне қатысады. Бұл туралы RMC Sport хабарлады.

Жеребе 22 мамыр күні өтеді. Шара Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Дембеле жеребе рәсімін Франция теннис федерациясының президенті Жиль Мореттон және турнир директоры Амели Моресмомен бірге өткізеді.

Ашық Франция чемпионаты 25 мамыр мен 8 маусым аралығында Парижде өтеді. Өткен жылы бұл турнирде Карлос Алькарас (Испания) пен Ига Швентек Польша) жеке сындарда жеңімпаз атанған болатын.

Қазақстан атынан «Ролан Гаррос»-2025 турниріне Александр Бублик, Елена Рыбакина және Юлия Путинцева қатысады. Үшеуі де жарыстың негізгі кезеңіне тікелей жолдама алған.

Ресми мәліметке сәйкес, биылғы турнирдің жүлде қоры рекордтық 56,3 миллион еуроға жеткен.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie