locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

US Open-2024 турнирінің екінші жартылай финалисті белгілі болды

Twitter. Арина Соболенко

Әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко Америкадағы маңызды турнир саналатын US Open-2024 турнирінің екінші жартылай финалисті атанды

Ширек финалда Соболенко әлемнің жетінші ракеткасы қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңді. Кездесу бір сағаттан астам уақытқа созылды. Чжэн екі сетте бар болғаны үш гейм ала алды.

Жартылай финалда Арина Соболенко жергілікті теннисші Эмма Наварромен кездеседі. Ол ширек финалда испаниялық Паула Бадосаны жеңген еді.

US Open-2024, әйелдер, ширек финал

Чжэн Циньвень (Қытай, 7) – Арина Соболенко (2) – 1:6, 2:6.