US Open жасөспірімдер жетістіктері. Омарханов жұптық сынды сәтті бастады
2 қыркүйектен 3 қыркүйекке қараған түні US Open турнирінде жасөспірімдер арасындағы алғашқы жұптық матчтар басталды. Қатысушылар арасында Әмір Омарханов та бар. Ол жасөспірімдер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы.
Әмір ресейлік Тимофей Дерепаскомен жұптасып, үш сетте түрік Атакан Қарахан мен оңтүстік корея өкілі Хоен Роны жеңді. Қазақстандық-ресейлік жұп 1/8 финалда Денис Петак пен Флинн Томасқа – чех-швейцариялық дуэтке қарсы ойнайды.
US Open ұлдар, жұптық сын, 1/16 финал
Әмір Омарханов/Тимофей Дерепаско – Атакан Қарахан/Хоен Ро– 6:3, 3:6, 10:8
Теннисшілер кортта небәрі 1 сағат 11 минутты өткізді.
Бірінші сет толығымен қазақстандық-ресейлік дуэтінің бақылауында болды. Қарсыластардың қателіктерін сәтті пайдаланды. Алайда, екінші сетте Әмір мен Тимофей доп қосу сәтінде екі рет жеңіліп қалды, бұл қарсыластарға есепті теңестіруге мүмкіндік. Үшінші сетте қазақстандық және ресейлік жұп жеңіліп жатты, бірақ Әмір мен Тимофей тез жинақталып, ойынды өз қолдарына алды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Омарханов Америка ашық чемпионатының турнирінде жекелей сында ұшып кеткен болатын. Қазақ 1/32 финалда бразилиялық спортшы Луис Мигельден жеңіліп қалды.
Әмірдің 1/8 финалдағы матчы туралы ақпаратты US Open ұйымдастырушылары жариялайды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52