locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

US Open 2024. Путинцева екі сет қорытындысы бойынша Носкованы жеңді

US Open 2024. Путинцева екі сет қорытындысы бойынша Носкованы жеңді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева US Open 2024 турнирінің алғашқы айналымында чехиялық Линда Носкованы жеңді.

Бірінші сет тай-брейкке дейін жалғасқанымен Путинцева сенімді жеңіске жетті. Екінші сетте Қазақстандық тай-брейкке жеткізбей жеңісті жұлып әкетті.

Екінші айналымда Юлия Путинцева қытайлық Ван Синьюймен кездеседі. Ол бірінші айналымда үш сет қорытындысы бойынша австралиялық Арина Родинованы жеңген болатын.

US Open 2024 турнирінің екінші айналымына тағы бір қазақстандық Елена Рыбакинада шықты. Ол бірінші айналымда австралиялық Дестани Айяваны жеңді.

US Open 2024, бірінші айналым

27 тамыз

Юлия Путинцева (Қазақстан, 30) – Линда Носкова (Чехия) – 7:6(7:3), 6:4.