Циципас Рыбакинаның бұрынғы бапкерімен жұмыс істеу туралы сұрақтан жалтарды


Әлемдік рейтингте сегізінші орында тұрған грек теннисшісі Стефанос Циципас әйгілі хорват маманы Горан Иванишевичпен ықтимал әріптестікке қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Баспасөз мәслихаты барысында ол қысқа ғана жауап қайырды.
«Қазір бұл туралы айтқым келмейді»,– деді теннисші.
Осылайша, спортшы бапкер ауыстыруына қатысты әлі нақты шешім қабылдамағанын немесе жария еткісі келмейтінін көрсетті.
Грек басылымы таратқан мәлімет бойынша, Циципас Иванишевичтің кандидатурасын маусым соңына дейін қарастырып отыр. Шешуші шешім «Ролан Гаррос» турнирінен кейін белгілі болады деп күтілуде.
Хорват жаттықтырушысы Горан Иванишевич осыған дейін қазақстандық Елена Рыбакинамен жұмыс істеген. Алайда бұл әріптестік биылғы жылдың басында аяқталды.

Футзал
Бүгін 07:30

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42