locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Трофейге дейін — 2 қадам. Құламбаева Түркиядағы турнирде жұптық сында жартылай финалға шықты

Трофейге дейін — 2 қадам. Құламбаева Түркиядағы турнирде жұптық сында жартылай финалға шықты
ФОТО: Instagram. Жібек Құламбаева

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркиядағы W35 Antalya 2 турнирінің жұптық сайысында 1/2 финалға жолдама алды.

Негізгі сетканың 2-раундында Құламбаева италиялық Николь Фосса Уэргомен жұп құрып, Алессандра Маццола (Италия) / Андрея Присакару (Румыния) дуэтімен кездесті. Қазақстандық-италиялық жұп 1 сағат 18 минутқа созылған матчта екі сетте жеңіске жетті.

W35 Antalya 2. Топырақ. Жұптық сайыс. 1/8 финал:

Николь Фосса Уэрго (Италия) / Жібек Құламбаева (Қазақстан) — Алессандра Маццола (Италия) / Андрея Присакару (Румыния) — 6:3, 6:4

Айта кетейік, бұған дейін Жібек Құламбаева осы турнирдің жекелей сынында өнерін тоқтатқан болатын. Ол 1/16 финалда қарсыласына жол берді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie